Үш күн ішінде ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері Қарағанды облысында 24 күрделі ота жасады

Үш күн ішінде ҚР ПІБ Медициналық орталығының дәрігерлері Қарағанды облысында 24 күрделі ота жасады

Үш күн ішінде ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының тәжірибелі мамандары Қарағанды облысында 24 күрделі ота, 130-дан астам консультация өткізді, 1000 жуық тыңдаушыны қамти отырып, нейрохирургия, аритмология, гинекология, пульмонология, урология және басқа да бағыттар бойынша 26 шеберлік сабағын және презентация ұйымдастырды.

Денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер қозғалды, диагностика мен емдеудің заманауи әдістері ұсынылды. 

Ұсынылған әдістердің кейбірі бұрын аймақта қолданылмаған.

Қарағанды облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтуде.