
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде 1-6 наурыз аралығында "Алғыс – асыл сөз!" мұражай сабағы өтеді.

"2016 жылдан бастап 1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі. Осыған орай біз жыл сайын бұл мерекеге арнап мұражай сабағын өткіземіз, біздің қорларымыздан түрлі ұлт өкілдерінің бейнелеу және қолданбалы өнер туындыларын көрсетеміз", – деді мұражайда.
Мұражай сабағы екі бөлімнен тұрады: біріншісінде мереке туралы айтылады, ал екіншісінде экскурсия жоспарланған.
Мұражай қонақтары В. Эйферттің "Жұбайымның портреті", М. Әбілқасовтың "Бектау-ата", С. Саносянның "Баянауыл тастары", Г. Гилевскийдің "Жазғы күн", А. Асухановтың "Отанымның сарындары”, М. Кимнің "Алмамен натюрморт" сияқты картиналарымен,

сондай-ақ әр түрлі авторлардың сәндік-қолданбалы жұмыстарымен таныса алады.
Сабаққа оқушылар мен студенттер 475-475 нөмірі бойынша жазыла алады.