Облыстық студенттік спартакиадаға мыңға жуық қарағандылық спортшы қатысады

Облыстық студенттік спартакиадаға мыңға жуық қарағандылық спортшы қатысады

Қарағандыда студент жастардың XVIII облыстық спартакиадасы басталды. 

Жеңіс үшін алты ЖОО-дан мыңға жуық спортшы бақ таластырады.

Жарыс спорттың 13 түрі бойынша өткізіледі: қысқы президенттік көпсайыс, арқан тарту, үстел теннисі, футзал, волейбол, баскетбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, жеңіл атлетика, асық ату/бес асық, гір спорты.

Жоғары оқу орындарының намысын Ә. Сағынов атындағы ҚТУ, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, Вolashaq академиясы, Қарағанды индустриялық университеті (Теміртау қ.), Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ, Қарағанды медициналық университетінің студенттері қорғайды. Жарысқа 16 мен 27 жас аралығындағы студенттер қатыса алады.

– Бүгін біз баскетболдан жарысқа қатысып жатырмыз. Бұл белсенді және динамикалық ойын, мұнда жақсы дайындық қана емес, сонымен қатар ой-өріс те маңызды. Өкінішке орай, былтыр біз жүлдегерлердің үштігіне кірген жоқпыз, биыл жеңіске деген жігеріміз мол. Спартакиада тек спорттық даму ғана емес, коммуникативтік байланыстарды дамыту деп санаймын, – дейді Қарағанды индустриалды университетінің екінші курс студенті Илья Васьковский.

Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, дипломдармен, медальдармен және грамоталармен марапатталады.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша