
Қарағанды облысының педагогтары бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған "Алтын тұғыр" республикалық математикалық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды.

Биыл олимпиаданың республикалық кезеңінде облыс намысын тоғыз мұғалім қорғады. Олардың бесеуі олимпиада жүлдегерлері, тағы үшеуі грамоталармен марапатталды.

Бірінші орын Абай ауданы Прокофий Корниенко атындағы жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Ирина Шелкуноваға берілді. Ол білім беру жүйесінде 1995 жылдан бері жұмыс істейді. Педагог-сарапшы.
– Олимпиаданың республикалық кезеңіне мен алғаш рет қатысып отырмын, тапсырмалар қиын болды. Бірақ сонысымен де қызықты. Маған бәрінен де ұнағаны – әріптестерімізбен танысып, жетістіктерімізбен алмаса алдық, – деп бөлісті Ирина Шелкунова. – Бұл тәжірибе бізге болашақта балалардың логикалық ойлауын дамытуға көмектеседі. Мен оларды математика сабақтарында да, орыс тілінде де қолдануға болатын логикалық тапсырмалармен қызықтырғанды ұнатамын.

Екінші орынға Қарағанды № 14 мектеп-гимназиясының мұғалімі Айсұлу Мақашева ие болды.

Үшінші орындарды бірден үш педагог бөлісті – академик Орынбек Жәутіков атындағы Қарқаралы қаласының жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары Гүлжан Сәтжанова, Алмагүл Омашева және Шет ауданы Ю.Гагарин атындағы мектептің мұғалімі Айгүл Махабаева.

– Мен мектепте 33 жыл жұмыс істеймін, педагог-зерттеушімін. Жылдамдыққа әр түрлі есептірді шеше отырып, балаларды қиын есептерді шешу кезінде уақытты қалай үнемдеуге болатынын үйретіп, назарды қайда аудару керектігін түсінеміз. Біз жыл сайын балаларды түрлі олимпиадаларға дайындаймыз, – дейді Гүлжан Сатжанова.

– Біздің мектепте балалардың интеллектуалды дамуына көп көңіл бөлінеді, сондықтан біз сабақтарда оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолданамыз. Биыл менің сыныбым балаларды шахмат ойнауға үйрету бойынша пилоттық жобаға енді. Мен оқудан өтіп, енді балалармен вариативті сабақтар өткіземін. Оларға өте ұнайды. Жалпы, мұндай олимпиадаларға қатысу – әріптестерімен тәжірибе алмасу мүмкіндігі.

Осакаров ауданы Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектептің педагогы Ольга Травнева, Нұра ауданы Байтұған ауылы мектебінің мұғалімі Алена Дударук және Қарағанды қаласфның Қ. Нұржанов атындағы гимназияның педагогы Людмила Калиниченко грамоталармен марапатталды.
