Қарағандылықтарды ретро концертке шақырады

Қарағандылықтарды ретро концертке шақырады

Цирк ғимаратында 1 наурыз күні сағат 18:30-да қарағандылықтар мен қала қонақтары "Әнім сенсің, Қарағанды" ретро концертін тамашалай алады. Бағдарламада 70–80 жылдардағы хиттер орындалады.

Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері, Қарағанды Джаз оркестрі және "Аққу" фольклорлық-хореографиялық ансамблі өнер көрсетеді.

Дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко.

"Аққу" ансамблінің көркемдік жетекшісі – "Мәдениет саласының үздігі" Назгүл Авилхан.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.