Қарағанды облысында Армениядан жеткізілген 49 автокөлік тіркелген

Қарағанды облысында Армениядан жеткізілген 49 автокөлік тіркелген

11 маусымда Қарағанды облысының ХҚКО-да және мамандандырылған ХҚКО-да біздің елімізге Армениядан әкелінген 49 көлік тіркелген.

Қарағандыда 25 көлік сары түсті мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алған. Теміртауда - 15, Балқашта - 4, Жаңаарқа ауданында - 2, Жезқазғанда - 1, Осакаров ауданында - 1, Қарқаралы - 1 көліктерінің иелері де осындай  нөмір алды.

Автокөлікті тіркеу құны - 11 946 теңге. Бұл сомаға тіркеу үшін алым - 695 теңге (0,25 АЕК), техпаспорт үшін баж - 3 473 теңге (1,25 АЕК) және мемлекеттік нөмір үшін - 7 778 теңге (2,8 АЕК) енгізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 1 маусымнан бастап Армениядан көлік алған қазақстандықтардың өз автокөліктерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу мүмкіндігі пайда болды. Тіркеуге Арменияның уәкілетті органдарында Қазақстан азаматтарының атына тіркелген және біздің елге 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелген сол жақты рөл арқылы басқарылатын автомобильдер жатады.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша