
Қарағанды облысында Азаматтық бастамаларды дамыту қажет. Өңірде 1 300 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Мемлекетпен әріптестікте олар маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге, жастарды рухани, адамгершілік және азаматтық құндылықтарға тартуға көмектеседі.
Қоғамдық-саяси өмірдің барлық аспектілері туралы Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын Saryarqa телеарнасында тікелей эфирде өткен брифинг барысында айтып берді.
- Биыл бізде маңызды даталар көп. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы, Алтын Орданың 750 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы, әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, Нығмет Нұрмақовтың 125 жылдығы, - деп атап өтті спикер.
Коронавирус пандемиясына байланысты барлық іс-шаралар мен қоғамдық акциялар онлайн форматқа көшті. Челлендждер, дөңгелек үстелдер, конференциялар және басқа да көптеген кездесулер мен талқылаулар қашықтан өткізіледі. Осындай мыңдаған іс-шара Наурыз мейрамына, Қазақстан халқының бірлігі күніне, Жеңіс күніне, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне, ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылды, деп хабарлады Ерлан Құсайын.
Ақпараттық топтардың жұмысы да онлайн-форматқа ауыстырылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру маңызды бағыт болып табылады және мұнда алға жаңа міндеттер қойылды. Ғалымдардың, тарихшылардың, әлеуметтанушылардың және саясаттанушылардың қатысуымен көбірек зерттеулер жүргізу қажет. Бағдарламаның біріктіруші ретіндегі рөліне баса назар аударылуы тиіс. Бірқатар жобалар онлайн режимде жүзеге асырылуда.
- Бүгін облыс бойынша 1 300 ҮЕҰ тіркелген. Олар қоғамдық өмірдің түрлі салаларын қамти отырып, 16 бағыт бойынша жұмыс істейді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ұлғайтылды. Облыс әкімдігі жанында ҮЕҰ-мен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Отырыстардың бірінде еріктілер қозғалысын дамыту мәселелері талқыланды. Кеңес құрамы биыл жаңартылып, оған ҮЕҰ-ның 25 басшысы кірді, - деді Ерлан Құсайын.
Медиацияны дамытуға және қоғамдық медиаторлардың әлеуетін күшейтуге де көп көңіл бөлінеді, деп атап өтті ол.
Басқарма басшысы БАҚ қызметіне тоқталды. Бүгінде облыста олардың саны 200-ден асады. Коронавирус пандемиясы ақпараттық күн тәртібін қалыптастырады. Журналистер эпиджағдай, қауіпсіздік шаралары және мемлекеттік қолдау туралы әңгімелейді. Ақпаратты қол жетімді етуге тырысады. Соңғы үш айда тікелей эфирде облыс әкімі мен оның орынбасарларының, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің және басқарма басшыларының қатысуымен 46 брифинг өтті.
Ерлан Құсайын азаматтарға санитарлық-карантиндік ережелерді сақтау, дәрігерлер мен эпидемиологтардың кеңестерін елемеу туралы өтініш білдірді.