
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің шахталарында өндірушілердің жұмысы нағұрлым қауіпсіз болмақ. Қарағанды зауытында жерасты жабдықтары жаңғыртылды.
"Құрылысмет" ЖШС РГТО зауыты ГМ 15-29М жаңғыртылған механикаландырылған кешен секцияларының алғашқы бес прототипін таныстырды.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің бас механигі Александр Троттың айтуынша, ұсынылған жабдық - механикаландырылған бекіткіштің желілік секцияларының төртінші буыны болып табылады. Оны меңгерумен департамент пен зауыт мамандары бірлесіп айналысып жатыр.
Қарағандылық шахталарда ұзақ уақыт бойы Glinik компаниясының механикаландырылған секциялары қолданылды. Оларды жаңғырту идеясы 14 жыл бұрын пайда болды. Сол кезде поляк әріптестерінің қатысуымен және олардың сызбалары негізінде бірінші нұсқаны жасаған. ГМ 15-29 және ГМ 14-22 секцияларын жасай бастады. Сонымен қатар жабдықтарды жаңғыртуды жалғастырды.
ГМ 15-29М жаңа модификациясы зауытта басынан бастап жасалған - жобаны әзірлеуден және сызбаларды дайындаудан бастап және элементтер мен жинақтауыштарды дайындауды өздері жүзеге асырды.
- Біз шахтерлердің бұрыңғы секциялар бойынша барлық ескертулері мен пікірлерін ескердік. Басты факторлар - қауіпсіздік, жұмыс ыңғайлылығы және өнімділік, - дейді "Құрылысмет" ЖШС директоры Ғабит Омарханов.
Жобаны жүзеге асыруға және алғашқы бес секцияны дайындауға бес айға жуық уақыт кетті.
- Бұл техника көмір шығарушылар ұсынған элементтермен толықтырылған. Тұтас катамаранды негіз жасалды. Мұны ең маңызды фактор деп санаймын. Себебі бұл кешеннің жұмысқа қабілеттілігін қолдауды жеңілдетеді. Сондай - ақ, маған пилотты басқару ұнады - гидрорукавтардың саны аз, яғни арзан, - деп Ленин атындағы шахтаның директоры Арман Қалықов өз әсерімен бөлісті.
2020 жылы 40 бекітпе секциясын шығару жоспарлануда.
Metallurg today газетінің материалдары бойынша