
Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері Минск мемлекеттік энергетикалық колледжінің оқушыларымен жарысқа түсіп, "Электр білгірлері" байқауында бірінші орынға ие болды.

Жыл сайынғы байқау оқу орындарының халықаралық ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылды. Дәстүр бойынша қатысушылар электротехника курсы бойынша бес тапсырманы жылдам әрі дәл орындауы керек еді.

Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің командасы өте жақсы өнер көрсетіп, бірінші орынға ие болды.

– Команда құрамында бес студент бар – Ұлан Хасанбаев, Григорий Власов, Артем Лада, Алексей Герасимов және Ирина Трещева. Олар екінші курста "техник-электромеханик" мамандығы бойынша оқып жатыр. Оларды педагог Евгений Хозеев екеуіміз бірлесіп,байқауға дайындадық. Балалар алдарына қойылған міндеттерді өте жақсы орындады, – дейді арнайы пәндер оқытушысы Вячеслав Блок. – Байқауға қатыса отырып олар үлкен тәжірибе жинады. Болашақта олар кәсіби шеберлік чемпионаттарында өз күштерін сынап көре алады.

Ирина Трещева 17 жаста. Бойжеткен электромеханик болу туралы шешіміме үлкен ағам мен анам себепкер болды дейді.
– Бұл біздің отбасылық кәсібіміз. Маған ұнайды. Болашақта жоғары білім алып, мамандығым бойынша жұмыс істегім келеді, – дейді Ирина. – Мұндай байқаулар бізге өз күшіміз бен мүмкіндіктерімізді бағалауға, қай тарапта осал тұстарымыз барын түсінуге көмектеседі. Біздің команда өте үйлесімді. Біздің жеңісіміз – ұжымдық еңбектің нәтижесі, өйткені әркімнің белгілі бір рөлі бар.
