Бетпердемен жасырылған сезім: Станиславский атындағы театр Абайдың 175 жылдығына орай спектакль әзірлеуде

Бетпердемен жасырылған сезім: Станиславский атындағы театр Абайдың 175 жылдығына орай спектакль әзірлеуде

Театрлар мен концерт залдарының ашылуы туралы әлі де белгісіз болғанымен, актерлерге офлайн-репетицияларға қайта оралуға рұқсат етілді. К. С. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театрында Абайдың 175 жылдығына арналған пьеса әзірленуде

Қазір мұнда дастархан басында оқулар, спектакльді талдау және басты рөлдерді орындаушыларды іріктеу жүріп жатыр. Санитарлық тәртіптің күшейтілуіне байланысты актерлер маска киіп, қашықтықты сақтауға мәжбүр.

- Әрине, қазіргі жағдай бізге үйреншікті емес. Менің қызмет еткен уақытымда алғаш рет біз қойылым оқуларын көрермен залында өткізудеміз, себебі біздің дайындық залымыз онда тиісті қашықтықты ұстау үшін  тым тар. Актерлердің барлығы бетперде киеді, және бұл, шынымды айтсам, сезімдерді жеткізуге және қабылдауға кедергі етеді. Бақытымызға орай, дайындық кезеңінде бұл маңызды емес, - дейді театр басшысы Дунай Еспаев.

"Абай жолы" романына негізделген пьеса әсіресе театр жетекшісі үшін маңызды. Ол өзі үш рет ақынның ұлы Әбдрахманның рөлін ойнаған. 1995 жылы осы рөл үшін Дунай Еспаев "Үздік ерлер рөлі" номинациясы бойынша республикалық фестиваль марапатына ие болды. Қазір ол режиссер рөлінде. Дегенмен, өткен тәжірибе актерлердің бүгінгі таңда таңдауына еш әсер етпейді деп сендіреді.

- Мен басқа актёрлер мен секілді ойнайтынын күтпеймін. Ойын мәнерін көшірудің, қайталаудың қажеті қанша? Бұл дұрыс емес. Мен ең алдымен актердің қарым-қатынасына қараймын, ол кейіпкерді қалай сезінетініне, оның образына қалай еніп, оған жақын болуын бақылаймын. Ол Әбішті қалай көрсете алатыны -  басқа мәселе, - дейді театр жетекшісі.

Дунай Еспаевтың айтуынша, бұл қойылымның басты мақсаты - көрермендерге Абайдың шынайы адам екенін - эмоционалды, бір жерде қыңыр, қандай да бір дәрежеде идеалист екенін көрсету. Алдыңғы планда ақынның балалармен және туыстарымен қарым-қатынасы болмақ.

- Абай - бұл әр мектепте ілініп тұрған кітап ұстаған шапандағы ақын портреті емес. Бұл ең алдымен адам. Ол жылап, айқайлап, келіспесе, өз ұстанымын қорғай алады. Оның ұлдарымен қарым-қатынасы өте драмалық болған, ол ьалаларына сенді, оларды шын жүректен сүйді, бірақ жоғалтып алды. Біз көрерменге Абай тұлғасының басқа қырын - адами, жеке тұлғасын жеткізгіміз келеді, - дейді режиссер.

Ол дайындық өте ұзақ уақыт алады деп болжайды. Сонымен қатар спектакль ерекше декорациялар мен костюмдерді талап етеді. Көрермендер қазақ даласының ұлы ақыны туралы қойылымды қашан көретіні - белгісіз.

Дунай Еспаев театрларға көрермендерді қабылдауға рұқсат еткен кезде кейбір шектеулерді сақтауға тура келетінін жоққа шығармайды.  Мұндай тәжірибе қазір бүкіл әлем бойынша енгізілуде. Мысалы, Лондонда актерлерге спектакльдер кезінде бір-біріне жақындауға тыйым салынады.

- Мен әлемдегі ахуалды бақылап отырамын және театрлардың біртіндеп жұмысқа, бірақ өзге форматта қайта оралып жатқанын көріп отырмын. Мүмкін, бізде де осындай жағдай болар. Мысалы Миланда театрларға авансценаны үшінші көрермен қатарына дейін ұлғайтуға тура келгенін білемін. Егер бізге дәл солай шарт қойса, біз осы талаптарды орындауға тырысамыз. Бірақ алдымен, біз аз адам жұмылдырылған спектакльдерді, қандай да бір тұрмыстық, камералық заттарды қоямыз деп ойлаймын. Әрине, егер кенеттен актер әсерге беріліп, махаббат сахнасында актрисаны құшақтай алса, біз оны тарта алмаймыз, - деп әзілдейді театр басшысы.

Қарағанды облысының театрлары өз жұмысын қашан және қандай жағдайда жаңартатыны әзірге белгісіз. Дегенмен, көрермендермен көптен күткен кездесуге дайындық басталды.