
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесіп 10-20 жас аралығындағы мектептер мен колледждердің оқушылары арасында "Шежіре-Life ІІІ" – "Менің отбасымның тарихы" конкурсын өткізу туралы хабарлайды.
Үш жас санаты анықталды:
- кіші топ – 10 жастан 13 жасқа дейін;
- орташа – 14 жастан 16 жасқа дейін;
- жастар – 17 жастан 20 жасқа дейін.
Номинациялар:
- "Менің отбасымның тарихы" эссе жазу, өз қалауыңыз бойынша – жобаның тұсаукесері (1,15 интервалмен А4 форматындағы бір-үш беттен тұратын эссе көлемі, Times New Roma қарпі, өлшемі 14);
- ежелгі мұралар (коллекциялар, көне заттар) мен фотосуреттерді көрсететін "Отбасылық мұра" презентациясы;
- "Ата-баба даналығы – білім көзі" тақырыбында 5–8 минутқа атасы мен әжесінің батасы жазылған бейнебаян.
Ескерту: сіз ұрпақтары болып табылатын қоныс аударған, жер аударылған, иесіз қалған отбасылардың, Қазақстанға әр уақытта келген түрлі этностардың тағдырларының тарихы қызықты.
Өтінімдер мен конкурстық жұмыстар 30 сәуірге дейін "байқау" белгісімен museum_krg24@mail.ru электрондық пошта арқылы қабылданады.
Өтінімде білім беру мекемесі, ұйым туралы ақпарат (индексті, телефонды, электрондық поштаны қоса алғанда, ұйымның толық атауы, толық пошталық мекенжайы), сондай-ақ жобаға қатысушы туралы мәліметтер (Т. А. Ә. (толық), туған күні, жасы, сыныбы, елді мекеннің атауы (қала/кент/аудан), таңдалған номинацияның атауы, жобалық жұмыстың тақырыбы, жоба жетекшісі туралы ақпарат (Т.А. Ә. (толық), жұмыс орны, лауазымы және байланыс телефоны).
Байқау қорытындысы мен марапаттау 18 мамыр – Халықаралық мұражайлар күнінде өтеді.
Байқауға қатысушылар сертификаттар алады. Үш жас санатындағы жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар беріледі.
Конкурсқа қатысушылардың (финалистердің) шығармалары буклетте шығарылады және облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен "Тұлғатану" ғылыми-зерттеу орталығының сайттарында орналастырылады.
Конкурс туралы толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: (8-7212) 53-45-63 және 8-702-283-54-00.