Астаналық танымал скрипкашы Қарағанды симфониялық оркестрімен өнер көрсетеді

Астаналық танымал скрипкашы Қарағанды симфониялық оркестрімен өнер көрсетеді

24 ақпан күні сағат 17:00-де "Шалқыма" концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді. Солист – Асқар Дүйсембаев (скрипка, Астана).

Бағдарламада – И. С. Бах №1 скрипка концерті ла минор, В. А. Моцарт № 4 скрипка концерті ре мажор, К. Сен-Санс "Пляска смерти" симфониялық поэмасы, 40 шығ. және Д. Шестакович № 9 симфония ми-бемоль мажор, 70 шығ.

Асқар Дүйсембаев – профессор, халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, "Мәдениет саласының үздігі" медалімен және атағымен марапатталған. ҚР Мемлекеттік ішекті квартетінің алғашқы скрипкашысы, Metro-philarmonic (Мәскеу-Швеция) Халықаралық Жастар оркестрінің концертмейстері болды. Иордания, Германия, Швейцария, Испания, Италия, Франция, Швеция, Жапония, АҚШ, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан қалаларын аралады.

Дирижер – халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.