Қарағандылық спорт сүйер қауымды шаңғы жарысына шақырады

Қарағандылық спорт сүйер қауымды шаңғы жарысына шақырады

Қарағанды орталық саябағында 24 ақпанда шаңғы жарысы өтеді. Спорт мерекесі Қарағандының 90 жылдығына арналған.

Қатысуға спорт және салауатты өмір салтын сүйетіндер шақырылады. Шаңғы жарысына 10 жастағы оқушылардан бастап ардагерлерге дейін барлық тілек білдірушілерді күтеді.

Өтінімдер 22 ақпан сағат 13:00-ге дейін пошта арқылы қабылданады: wintersport_kz@mail.ru немесе WhatsApp-та: +7-701-499-00-40.

Жарыс көлдің жағасында орталық алаңнан бастау алады.

Жарыстың басталуы сағат 10:00-де.