
Қарағанды облысында өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 50 жаңа жағдайы тіркелді.
50 пациентте ПЦР-зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы расталды. Сырқаттанғандар бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде және скрининг барысында анықталды.⠀
Оның 41-і қарағандылық, алты адам Шет ауданының тұрғындары, және де бір-бір адамнан Теміртау қаласынан, Саран және Абай ауданынан анықталды.
Олардың барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. ⠀
Қазіргі уақытта ауырғандардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, емдеу жүргізілуде.⠀
Ауру ошақтарында дезинфекция жүргізілді.⠀
9 маусымдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында 1 238 жағдай тіркелген, оның ішінде 6 адам көз жұмды және 530 адам сауығып кеткен.