Қарағандылық кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығымен кездесуге шақырады

Қарағандылық кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығымен кездесуге шақырады

Қарағанды облысының кәсіпкерлері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшылығына өз сұрақтарын тікелей қоя алады. Кездесу "Бизнеске Жол" жобасы аясында ұйымдастырылып, 20 ақпанда сағат 15:30-да өңірлік кәсіпкерлер палатасында (Тәттімбет көшесі, 709, 2-қабат, конференц-зал) өтеді.

Шараға офлайн және онлайн режимінде қатысуға болады. Бейнеконференция ұйымдастырылады.

Тіркеу сілтеме бойынша жүргізіледі docs.google.com/forms/d/e.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша