
Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттеріне цифрлық әлемнің, электрондық коммерцияның мүмкіндіктері туралы айтылды.

Конференцияда технологиялық индустрияларда жетістікке жеткен әйелдерді біріктіретін ТechnoWomen коммерциялық емес ұйымымен танысу өтті.

– TechnoWomen – бұл біздің ұйым бастаған жаңа формат. Біз Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ-дан келген қыздардың цифрландыруда олардың аға буынының қалай дамып жатқанын көргенін қалаймыз. Мұндай іс-шаралар ең алдымен тәжірибе алмасу үшін қажет, – деп атап өтті ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі "TechnoWomen" КЕҰ стратегиялық кеңесінің мүшесі Жаннәт Дүбірова.

Әйелдер көшбасшылары өз оқиғаларымен бөлісті. Студенттер өздерінің стартаптарын қалай құруға және іске қосуға болатындығын білді. Сонымен қатар шеберлік сабақтары мен тренингтерге қатысты.

Конференция барысында Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ мен ТechnoWomen коммерциялық емес ұйымы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ, студенттерді ІТ-мамандықтарға тегін оқуға мүмкіндік беретін Tech Girls бағдарламасына қатысуға шақырды. Ол онлайн бағдарламалау сабақтарын, табысты мансап құруды және сарапшылар мен тәлімгерлермен сессияларды қамтиды. Қатысушылар өздерінің ІТ-өнімін құруға және жетекші IT-компанияларда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.

Өтінімдер 2024 жылғы 1 наурызға дейін келесі сілтеме бойынша қабылданады.