Қарағанды облысында кәсіпкерлермен кездесулерде мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы айтылды

Қарағанды облысында кәсіпкерлермен кездесулерде мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы айтылды

Қарағанды облысында мемлекеттік қолдау шаралары мен проблемалық мәселелерді талқылау үшін кәсіпкерлермен кездесулер өткізілуде. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармалары, қаржы институттары өкілдерінің қатысуымен көшпелі топтар Ақтоғай ауданының Приозерск және Балқаш қалаларында болды. Әрі қарай басқа да қалалар мен аудандарға бару жоспарланып отыр.

– Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы хабардарлығын арттыру, қолайлы инвестициялық климат құру. Сондай-ақ, бұл өзекті мәселелер туралы ұсыныстар жинау үшін ашық пікірталас мүмкіндігі, – дейді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов. 

Спикерлер заңнамадағы өзгерістерді түсіндіреді, сондай-ақ қаржы ұйымдары мен институттарының жұмыс нәтижелері туралы есеп береді. Кәсіпкерлер Жұмыспен қамту бағдарламалары, гранттық қаржыландыру, салықтық әкімшілендіру, жер қатынастары мәселелерін көтереді.

Кездесулердің бастамашылары – Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша