Медициналық сақтандыру қоры Қарағанды облысының тұрғындарын тексеруге 2,6 млрд теңге аударды

Медициналық сақтандыру қоры Қарағанды облысының тұрғындарын тексеруге 2,6 млрд теңге аударды

Қарағанды облысында консультациялық - диагностикалық қызметтерге сұраныс айтарлықтай өсті. Аймақ тұрғындарын зерттеу және кеңес беру үшін осы жылдың 4 айында медсақтандыру қоры 2,6 млрд теңге аударды.

Бұл ақша КТ, МРТ, зертханалық зерттеулер, салалық мамандардың консультацияларын өтеуге бағытталады.

2019 жылдың сәйкес кезеңінде консультациялық-диагностикалық қызметтер 0,4 млрд теңгеге көрсетілген болатын.

- Медициналық сақтандыру жүйесін енгізгеннен кейін консультациялық-диагностикалық көмекті қаржыландыру артты, сәйкесінше, бұл көмектің сақтандырылғандар үшін қол жетімділігі артты, -деп атап өтті медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.