
С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында "Қара пима" психологиялық драмасының премьералық көрсетілімі өтті.
– Біз көрермендерге Ұлықбек Есдәулеттің поэмасының сахналық нұсқасын ұсындық. Бұл оның ең танымал шығармаларының бірі. Спектакльмен шамамен бір жарым ай жұмыс істедік. Актерлік құрамға келетін болсақ, бұл негізінен қарағандылық көрермендердің әлі көзі үйренбеген жастар. Егер спектакль туралы жалпы айтатын болсақ, онда адам мықты болуы керектігін айтқымыз келеді. Әйелінен айырылу, ер адамның рухани сынуы – мұның бәрі өте қиын. Тағдыр әркімге оңай бола бермейді: ол кез-келген минутта құлдырауы мүмкін. Бірақ сонымен бірге адам өмір сынағынан өтуі керек, ол мықты болуы керек – біздің спектакльіміз осы жайлы баяндайды, – дейді режиссер Айдын Салбанов.
Қойылымның негізі – отбасылық драма. Басты кейіпкер Алдияр өмірде қиындықтарға тап болады.
Әкесі әйелі қайтыс болғаннан кейін ішімдікке салынып кетеді.
Ал бала былай қарап отырсаңыз, ата-анасының екеуінен де айырылады.
87 жастағы Бижамал-апай Қарағанды театрларында премьераларды өткізіп алмауға тырысады.

– Жас кезімізде Алматыда Опера театрының, драма театрының, жас көрермендер театрының қойылымдарын тамашаладық. Содан кейін театрларға үнемі баруға уақыт болмады: жұмыс, үй, күнделікті тіршілік. Бірақ зейнетке шыққаннан кейін спектакльдер мен концерттерге жиі бара бастадым. Қазір мен Станиславский театрының жанында тұрамын, сол жерге, Қаздрамтеатрға, музыкалық комедияға және "Шалқымадағы" концерттерге барамын. Маған "Қара пима" спектакліндегі актерлердің, әсіресе басты кейіпкерлердің – әке мен баланың ойыны қатты ұнады: олар өз бейнелерін шынайы бейнеледі. Спектакльде адам тағдыры көрсетілген. Ол маскүнемдіктің қайда әкелетіні туралы ойландырады, – дейді Бижамал Жексенбіқызы.
Жақсылық пен жамандық, сүйіспеншілік пен араздық, өмірлік қайшылықтар, әлеуметтік теңсіздік, уақыт пен адам өмірінің құндылығы қойылымда көрініс тапты.