
Астанада көрмеде мемлекеттен өтеусіз гранттар алған және өз бизнес-идеяларын іске асырған кәсіпкерлер өз тауарларын ұсынды. Қатысушылар арасында Қарағанды облысының өкілдері де болды.

Шахтинск қаласының тұрғыны Алексей Сборовский – III топтағы мүгедек. "Бастау Бизнес" бағдарламасы бойынша курстарда оқып, зергерлік іс бойынша өз жобасын қорғады. Гранттық қаражатқа шеберханаға қажетті құралдар сатып алды. Бүгінде оның зергерлік бұйымдарын сатып алушылар тек жергілікті тұрғындар ғана емес, сонымен қатар тапсырыстар елдің басқа қалаларынан келеді.

Лидия Лугманова да Шахтинск қаласынан, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отыр. Грантқа тігін студиясын ашты. Бизнесі тек оның ғана отбасына табыс әкелген жоқ.

Кәсіпкер бірнеше адамды жұмысқа қабылдады. Қолөнершілер төсек-орын мен үй киімдерін тігеді.
Көрмеде ұсынылған өнім – мемлекеттің бизнес-бастамаларды қолдауының нақты нәтижесі.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтары үшін бизнес ашуға гранттар беріледі. Көлемі 400 АЕК. Қарағанды облысында 2023 жылы 263 млн теңгеге 212 грант берілді. Мемлекет қолдауын көпбалалы отбасылар мен мүгедек балаларды тәрбиелеушілер, мүмкіндігі шектеулі жандар және т.б. пайдаланды.
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша