Қарағандыда тұрғын үй сертификаттарын алуға құжаттар қабылдау басталды

Қарағандыда тұрғын үй сертификаттарын алуға құжаттар қабылдау басталды

Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 10 маусымнан бастап "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Бақытты отбасы" бағыты бойынша тұрғын үй сертификаттарын беру үшін құжаттарды қабылдайды. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-нан бастапқы тұрғын үй сатып алуға ипотекалық қарыз алған қарағандылықтардың белгілі бір санаттары өтінім бере алады.

Тұрғын үй сертификатына үміткер бола алатындар:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрған);

2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы отбасы (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар);

3) толық емес отбасылар (жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алуға кезекте тұрған).

Қажетті құжаттар:

1) бекітілген нысан бойынша өтініш (бөлімге ұсынылады);

2) отбасының барлық мүшелеріне өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) отбасының барлық мүшелеріне соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама;

4) "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-нан өтініш берушіге тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы, бастапқы жарнаның сомасы, мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлем сомасы туралы мәліметтерді қамтитын хат.

Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қарағанды қ., Поспелов к-сі, 16, каб. 10. Тел.: (8-7212) 56-72-27.

Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.