
Теміртау мәдениет сарайында "Алтын жіп – 2024" XI республикалық сәнгерлер мен дизайнерлер байқауы өтті.

Оның тұрақты ұйымдастырушысы – Siluet жергілікті сән агенттігі.

Өз коллекцияларын Қарағанды облысы мен елорданың 11 дизайнері ұсынды. Үшеуі бағдарламаның қатысушылары, қалғандары құрметті қонақтар болды.
Сән дизайнерлерінің шығармашылық идеялары мен Siluet fashion агенттігінің коллекцияларын 3 жастан 20 жасқа дейінгі модельдер көрсетті.

Биыл үш қатысушы болды және олардың барлығы ерекше көзге түсті.

Бұл Астаналық Венера Райымқұлова, мықты, стильді және батыл әйелдерге арналған киімдер топтамасымен.

Қарағандылық сәнгер Надежда Шлотгауэр балалар топтамасын ұсынды.


Саран қаласының тұрғыны Оксана Есипова-Гусева байқауға бірден екі коллекция – эко-былғарыдан жасалған бұйымдар мен коктейльдік көйлектер әкелді.

Қазылар алқасы жеңімпазды анықтай алмады, барлық қатысушыларға Гран-при табысталды.

– Бұл нағыз сән мерекесі болды. Осы жолы мәдениет сарайында LED-экрандар орнатылып, көрермендер барлық коллекцияларды жақсы көре алды. Өткен жылы біз Қазақстанда және таяу шетелде сән апталығына қатыстық. Біз тәжірибе жинадық, енді оны өз дефилемізге енгізіп жатырмыз, – деді байқаудың ұйымдастырушысы, Siluet fashion-агенттігінің басшысы Марина Миронова.