Жас қазақстандықтар ІТ-мамандықтарды тегін оқи алады

Жас қазақстандықтар ІТ-мамандықтарды тегін оқи алады

Қазақстанда Tech Girls бағдарламасы басталды. Бұл 16 жастан 23 жасқа дейінгі жас қыздарға бүгінгі таңда сұранысқа ие IT-мамандықтарды тегін оқуға мүмкіндік береді.

Tech Girls бағдарламасы екі айға созылады. Еліміздің барлық өңірлерінен 3 мыңнан астам Қазақстан No Code, Low Code және Beta Career бағыттары бойынша оқудан өте алады. Білім беру үдерісіне вебинарлар, воркшоптар, тікелей эфирлер, сондай-ақ Techno Women және Astana Hub сарапшылары мен тәлімгерлерімен сессиялар кіреді. Оқыту шеңберінде қатысушылар өздерінің ІТ-өнімін құруға және жетекші IT-компанияларда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.

"Tech Girls бағдарламасының қатысушылары IT-өнімдерді тез және тиімді құруға мүмкіндік беретін бірегей дағдыларға ие болады. Мысалы, No Code School қолмен кодтауды қажет етпестен өзекті құралдарға қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, лендингтерді, сайттарды, мобильді қосымшаларды, чат-боттарды және маркетплейстерді құру негіздерін үйретеді. Low-Code бағдарламалаудың минималды дағдылары бар қосымшаларды әзірлегісі келетіндерге жарамды, ал Вeta Career курсы беделді IT-компанияларда мансаптық консалтинг және кәсіби бағдарлау саласындағы тәжірибелі мамандардан әңгімелесуден сәтті өту үшін қажетті білім мен дағдыларды ұсынады", – деді Astana Hub басқарушы директоры Дания Ахметова.

Қатысуға өтінімдер сілтеме бойынша 2024 жылғы 1 наурызға дейін қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін Astana Hub қолдау қызметіне 2222 қысқа нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия Astana Hub халықаралық Технопаркімен және Techno Women коммерциялық емес ұйымымен бірлесіп іске асырады.

astanahub.com