Қарағандыда Жалғасбек Бегендіковтың шығармашылық кеші өтеді

Қарағандыда Жалғасбек Бегендіковтың шығармашылық кеші өтеді

23 ақпан күні сағат 18:30-да "Шалқыма" концерт залында ҚР еңбек сіңірген әртісі, профессор Жалғасбек Бегендіковтың 70 жылдығына орай "Тұғыры биік дирижер" концерті өтеді.

Шығармашылық кешке Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрі мен Қ. Байжанов атындағы солистер қатысады.

Құрманғазының "Серпер", Тәттімбеттің "Азамат қожа", Махамбеттің "Жайық асу" күйлері, сондай-ақ Е. Брусиловский, С. Мұхамеджанов, О. Несіпханов, А. Хачатурян, Н. Тілендиев және басқалардың шығармалары мен "Япурай" халық әні орындалады.

Дирижер – ҚР еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек Бегендіков.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, дирижер Жалғасбек Бегендіков 1953 жылы Маңғыстау облысының Шетпе ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Франция, Дания, Португалия, Швеция, Қытай тұрғындарын қазақ музыкасымен таныстырды.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.