Тікелей байланыс және пайдалы білім – ақпан айындағы неконференцияға жазылу жүріп жатыр

Тікелей байланыс және пайдалы білім – ақпан айындағы неконференцияға жазылу жүріп жатыр

"Террикон алқабы" ІТ-хабы кезекті неконференцияға шақырады. Қатысушылар 23 ақпанда көптеген жаңа ақпаратты біле алады және басқа адамдардың кейстерімен танысу мүмкіндігін алады.

Іс-шара кәсіпкерлер мен менеджерлерді, бастаушы әзірлеушілер мен стартаперлерді, ІТ-мамандықта бідім алып жатқан студенттер мен маркетологтарды қызықтырады.

Бұл жолы төрт спикер өз тәжірибелерімен бөліседі.

DataArt-тағы Senior Backend Developer Станислав Овсянкин "Сеньорлықты бөлшектеп байланыстыру: мансаптық өсу үшін сізге не жетіспеуі мүмкін" атты дәріс оқиды.

Іtsheff.kz компаниясындағы СТО Дмитрий Яковлев контейнерлеу туралы, бұл процесті қалай жеңілдетуге және туындаған мәселелерді шешуге болатындығы туралы айтады.

Интернет-маркетингті неден бастау керектігін маркетинг жөніндегі кеңесші Юлия Степанова түсіндіреді.

Ал Tinkoff Bank-тегі Product Manager Дәурен Мұхамедиев Tinkoff Bank-те өнім менеджері лауазымына сұхбаттасудың құпияларын ашады.

Сондай-ақ, кездесуде әңгіме құрып, пайдалы байланыстар орнатуға болады.

Басталуы 18:30.

Ақпан айындағы офлайн және онлайн форматтағы неконференция Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қатысушыларды тіркеу сайтта өтеді: terricon.kz.

"Террикон алқабы" ІТ-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.