Құтқарушылар Ақтоғай ауданында боранда баласымен бірге адасып кеткен әйелді тапты

Құтқарушылар Ақтоғай ауданында боранда баласымен бірге адасып кеткен әйелді тапты

Ақтоғай ауданының Айыртас ауылында 7 ақпанда күндізгі сағат екі шамасында баласы бар әйел боран кезінде үйден шығып, қайтып оралмады.

Құтқарушылар жоғалған адамдарды 8 ақпанда сағат 00:46-да туыстарына хабарласқаннан кейін іздеуге кірісті. 1993 жылы туған әйел мен 2017 жылы туған бала Айыртас ауылынан батысқа қарай 6 км жерде сағат 08:50-де табылды.

Құтқарылғандар Ақтоғай ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

ТЖД өкілдері облыс тұрғындарына тағы да ескерту жасады: «Ауа райы болжамын қадағалаңыздар. Боран кезінде үйден шығу қауіпті. Боранды күні тіпті туған ауылыңызда да адасып кетуге болады. Өзіңіз және жақындарыңыз абай болуларыңызды сұраймыз!».