Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 41 жаңа жағдайы тіркелді

Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 41 жаңа жағдайы тіркелді

Қарағанды облысында өткен тәулікте коронавирустық инфекция жұқтырудың 41 жағдайы тіркелді.

41 адамның ПТР-зерттеуі оларда COVID-19 диагнозын растады. Сырқаттанғандар бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде және скрининг барысында анықталды.

Барлық ауырғандар - қарағандылықтар. Олар инфекциялық стационарға жатқызылды. Қазіргі уақытта олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, емдеу жүргізілуде.

Ауру ошақтарында дезинфекция жүргізілді.

8 маусымдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 1 188 жағдайы тіркелген, оның ішінде 6 науқас көз жұмды және 477 адам сауығып кеткен.