
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы 10 ақпанда қала күніне арналған арт-импровизация ұйымдастырады. Кәсіби және әуесқой суретшілер шақырылады.
"Қарағандылық импрессионизм: кел, біл және қайтала" іс-шарасында мұражай қорында сақталған бірнеше этюдтер көрсетіледі. Олардың барлығы Қарағандыға арналған. Біз осы туындыларды орындау техникасын бірлесіп талқылаймыз және шабыттандырамыз. Іс-шараның негізгі элементі – осы пейзаждардың бірін бір сағат ішінде қайталап салуды ұсынысымыз. Жаңа білім, көркемдік дағдыларды жетілдіру және дайын сурет осы шараның жағымды нәтижесі болады", – деді мұражайда.
Өзіңізбен бірге гуашь/акрил және қылқаламдар әкелу керек. Егер сізде қажетті материалдар болмаса, бірақ сіз қатысқыңыз келсе, өтініш қалдырыңыз.
Басталуы 13:00.
Алдын ала жазылған жөн.
Байланыс телефоны: (8-7212) 475-475.