1 наурызда Өңірлік кадр резервіне құжаттарды қабылдау басталады

1 наурызда Өңірлік кадр резервіне құжаттарды қабылдау басталады

Қарағанды облысының кадрлық комиссиясы Қарағанды облысының өңірлік резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

Өңірлік резервке қабылданатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

Қазақстан Республикасының азаматтылығы;

құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;

жоғары білімі болуы;

үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру;

7) экология.

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.

Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: Қарағанды қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 39, (2-қабат).

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттарда онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы

31 наурыздан кешіктірмей жүктейді.

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында , сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында @elgeqyzmet.qaragandy, @qaragandy.onir.rezerv.kz және келесі телефондар арқылы: (8-7212) 50-40-23, 50-33-83, +7-705-902-05-25 алуға болады.