
Қазгидрометтің мәліметі бойынша, 7-9 ақпан аралығында облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ, желдің жылдамдығы 20 м/с, кейбір жерлерде екпіні 28 м/с күтілуде.
Осыған байланысты шатырлардың ұшуы, электр қуатының өшуі орын алып, жолдар жабылуы мүмкін.
Облыс тұрғындарына ТЖД өкілдері келесі ережелерді қатаң ұстануды ұсынады:
- Елді мекендерден тыс жерлерге көлікпен және жаяу шығуды шектеңіздер!
- Жабылу орындарында көлікпен жиналмаңыздар!
- Жол бойындағы объектілерде және елді мекендерде ауа-райының қалыптасуын күтіңіздер!
- Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер!
- Көшеде болған кезде ғимараттар мен құрылыстардан, биік бағаналардан, ағаштардан, билбордтардан және электр сымдарынан алыс жүріңіздер!
- Төтенше жағдайлар департаментінің ресми парақшаларынан, теледидар, радио және әлеуметтік желілерден ауа-райы туралы ақпаратты қадағалаңыздар!
Барлық оқиғалар бойынша 112, (8-7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондары арқылы хабарласыңыздар.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар бойынша департаменті