Қарағанды облысында құтқарушы-иттер сертификаттаудан өтті

Қарағанды облысында құтқарушы-иттер сертификаттаудан өтті

Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөлімшелерінің кинологиялық есептерінің сертификаттық сынағы аяқталды. Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді іздеу үшін пайдаланылатын иттер сертификаттаудан өтіп, «дипомды мамандар» атанды.

Аттестаттау тексерісіне келесі кезеңдер кіреді: тыңдау және ептілік (арнайы жаттығу кешенін орындау және кинолог командаларына жауап беру), орманда және техногендік үйінділерде адамдарды іздеу. Сертификаттау жануарларға біліктілік беру немесе растау үшін жүргізіледі.

«Төрешілер сынақтарды қатаң бағалады: егер іздеу барысында әрбір кезеңдерде «жасырынған» үш адамның ең болмағанда біреуі табылмаса, ит аттестаттаудан өтпейді. Сондай-ақ қажет болған жағдайда кез келген аттестацияланған есепке кезектен тыс тексеру тағайындалады», - дейді құтқарушылар.

Сондықтан иттер жаттығуларда да, жарыстарда да қойылған міндеттерді мүлтіксіз орындау үшін күн сайын жаттығады. Ең бастысы – нақты төтенше жағдай кезінде біліктілігін көрсете білуі.

Сертификаттаудың барлық қатысушылары жақсы нәтижелер көрсетті және іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге рұқсат алды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша