
Қарағандылықтар ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, дирижер әрі сазгер Әли Алпысбаевтың шығармашылық кешіне шақырылады. 10 ақпан күні сағат 17:00-де «Шалқыма» концерт залында Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің қатысуымен «Қазақ елі» концерті өтеді.
Сонымен қатар концертке солистер – ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Бекболат Байсағатов пен Серік Еркімбеков, халықаралық байқаулардың лауреаттары Салтанат Мұратқызы, Сағыныш Кенжеғалиқызы, Жомарт Тәкебаев және «Күреңбел» триосы қатысады.
Дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әли Алпысбаев (Талдықорған қ.).
Әли Алпысбаев – ҚР Композиторлар одағының мүшесі, профессор, Мұқан Төлебаев атындағы «Алтын таяқша» және «Кестелі орамал» вокалистер халықаралық байқауының ұйымдастырушысы.
Анықтама үшін телефондар: 41-13-14, 41-22-30.