Қарағанды облысында ескерту жүйесінің дайындығы тексеріледі

Қарағанды облысында ескерту жүйесінің дайындығы тексеріледі

Қарағанды облысында 8 ақпанда дыбыстық электр сиреналарының жұмысы тексеріледі.

8–9 ақпан аралығында облыс аумағында "Көктем" командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын "Баршаның назарына!" сигналы бойынша тексереді. 8 ақпанда сағат 12:55-те барлық дыбыстық электр сиреналары іске қосылады.

Өңірлік ТЖД тұрғындарды сабыр сақтауға және үрейге бой алдырмауға шақырады.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша