
Қарағандылық конькимен жүгіруші Екатерина Айдова Қазақстан әйелдер құрамасының құрамында ересектер арасындағы Әлем Кубогында қола медаль жеңіп алды. Бұл Қазақстан тарихындағы командалық спринттегі алғашқы марапат.

Жарыс Квебекте (Канада) өтті. Командада тәжірибелі Екатерина Айдова, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы Алина Дауранова және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының чемпионы Инесса Шумекова мұзға шықты.
Спортшылар алғаш рет осы құраммен өнер көрсетті. 1: 29.16 нәтижесі оларға үшінші орын алуға мүмкіндік берді.

Нидерланды құрамасы алтын, Польша құрамасы күміс жүлдеге ие болды.