
Қарағанды облысында 2024 жылғы 5–20 ақпан аралығында әлеуметтік бағыттағы үздік идеялар мен жобаларды іске асыратын әйел көшбасшыларды қолдауға, біріктіруге және ілгерілетуге бағытталған "АруАна" республикалық үздік әйелдер жобалары байқауы басталды.
Байқауға облыс аумағында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын әйелдер мен әйелдер қоғамдық бірлестіктері қатыса алады.
Байқау бір кезеңде – өңірлік деңгейде өткізіледі.
Қатысу үшін өтінімді 5 мен 20 ақпан аралығында karisova_gs@krg.gov.kz поштасына жіберу қажет.
Жеңімпаздарды марапаттау Халықаралық әйелдер күні – 8 Наурыз қарсаңында өтеді.
Конкурсқа қатысу мәселелері бойынша қосымша ақпаратты (8-7212) 50-15-24 (ішкі нөмірі 6756) телефоны арқылы алуға болады.
Өтінім «АруАна» республикалық Үздік әйелдер жобалары конкурсына қатысуға
1. Жоба авторының (басшысының) немесе командасының ТАӘ.
2. Жобаның бағыттары:
3. Жобаның атауы.
4. Жобаның сипаттамасы (5–7 ұсыныстан артық емес).
5. Жобаның мақсатты аудиториясы.
6. Жобаның әлеуметтік маңыздылығын сипаттау.
7. Растайтын құжаттар (бар болса), фото және бейнематериалдар.
8. Жоба авторының (басшысының) байланыстары.