COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайлары туралы ақпарат

COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайлары туралы ақпарат

Қарағанды облысында екі тәулік ішінде, 6 және 7 маусымда 42 адам коронавирустық инфекция жұқтырды және бір науқас аталмыш дерттен көз жұмды. ПТР-диагностика 42 адамда COVID-19 барын растады. Жұқтырғандар бұрын сырқаттанғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде және скрининг барысында анықталды.

Оның ішінде сегіз қарағандылық, 23 теміртаулықтар, төрт Сәтбаев тұрғыны, үшеуі Саран қаласының және бір Шахтинск тұрғыны, Абай ауданынан екі адам және Қарқаралы ауданының бір тұрғыны бар.

Барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. 

Қазіргі уақытта ауырғандардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, емдеу жүргізілуде.

Ауру ошақтарында дезинфекция жүргізілді.

1963 ж.т. қайтыс болған ер адам "Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухана" ШЖҚ КМК жұқпалы аурулар бөлімінде "COVID 19 коронавирусты инфекциясының ауыр дәрежесі, төменгі тыныс жолдарының зақымдануы, екі жақты полисегментарлы интерстициальді пневмония, ауыр ағым" деген диагнозбен жатқан. Жүргізілген емге қарамастан, пациентті құтқару мүмкін болмады.

7 маусымдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында 1 147 жұқтыру оқиғасы тіркелген, оның ішінде 6 науқас көз жұмды және 461 адам сауығып кеткен.