Қарағандылықтарға салынып жатқан жаңа үйлердің заңдылығын QR-коды бар билбордтар арқылы тексеруге болады

Қарағандылықтарға салынып жатқан жаңа үйлердің заңдылығын QR-коды бар билбордтар арқылы тексеруге болады

Қарағандыда екі көшеде арнайы QR-кодтары бар билбордтар орнатылды. Олар қала тұрғындарына МСҚБ басқармасының сайтында проблемалы жаңа ғимараттар тізімімен танысуға көмектеседі.

Билбопдтар Бауыржан Момышұлы және Гоголь көшелеріне орнатылды. Олар халықты МСҚБ басқармасының сайтында "қара" тізімге енгізілнен салынып жатқан тұрғын үйлер туралы хабардар етеді. Арнайы QR кодтарын сканерлеу арқылы заңсыз салынған үйлерді тексеруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысының МСҚБ басқармасының сайтында "Өз ТК тексеріңіз" бөлімі пайда болды. Бөлімде құрылыс салушыларда рұқсат беру құжаттарының толық пакеті жоқ проблемалық ТК тізімі жарияланған. Тізіммен мына сілтеме бойынша танысуға болады: karaganda-gask.