Қазақ халық аспаптар оркестрі Қарағандының мерейтойына арналған концертке шақырады

Қазақ халық аспаптар оркестрі Қарағандының мерейтойына арналған концертке шақырады

9 ақпан күні сағат 18:30-да "Шалқыма" концерт залында Қарағандының 90 жылдығына орай Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің концерті өтеді.

"Әнім сен – Қарағанды" музыкалық кешінде қазақстандық және шетелдік композиторлардың шығармалары шырқалады.

Көркемдік жетекшісі – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев.

Бас дирижер – Мәдениет үздігі Ерлан Бақтыгерей.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.