Қарағандылық оқушылар арасында оқ атудан жарыс өтті

Қарағандылық оқушылар арасында оқ атудан жарыс өтті

Қарағандының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары Интернационалист-жауынгерлер Кубогына пневматикалық мылтықтан ату бойынша XVIII дәстүрлі жарысқа қатысты. Жарыста 54 мектептің мергендері өз шеберліктерін көрсетті.

Жарыс регламенті бойынша үш позициядан бес рет оқ ату керек болды – тұрып, тізерлеп және жатып. 

Тапсырма әр түрлі деңгейдегі үш нысанды атып құлатумен қиындады.

Кубокты Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары иеленді, екінші орынға Қаныш Сәтбаев атындағы гимназияның спортшылары қол жеткізсе, № 53 мектеп-лицейі үшінші орынды иеленді.

Б. Момышұлы атындағы ЖББМ оқушысы Арыстан Жиенов ең көп ұпай жинап, жеке есепте жеңімпаз атанды.

– Мен 116 ұпай жинадым – бұл менің жеке рекордым және жарыстағы ең жақсы көрсеткіш. Біздің команданың жеңіске жеткенін және Интернационалист жауынгерлер Кубогын жеңіп алғанымызды мақтан тұтамыз. Біздің мектеп Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының есімімен аталады. Тиісінше, бізді патриот ретінде тәрбиелеуде, – деп атап өтті Арыстан Жиенов.