
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының филиалы жұмыс істейді. Оның өкілдері республикалық байқаудың жеңімпаздары атанды.
Ұлттық инженерлік академия әзірлемелер байқауын бесінші рет өткізді. Оған 70 адам қатысты. Комиссия үздік жобаларды таңдады. Бес лауреаттың екеуі - қарағандылықтар.
Виталий Куликов, ҚарМТУ "Нанотехнология және металлургия" кафедрасының меңгерушісі, қабықша іспеттес құю формаларын жасаудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Бұл өнертабыс шығындарды төмендетеді және еңбек қауіпсіздігін жақсартады.
"Шұбаркөл Көмір" АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті Сергей Ким көмірді терең өңдеу бойынша бірнеше жобалардың бастамашысы және жетекшісі болып табылады. Олардың ішінде: кокстенбейтін көмірден арнайы кокс өндіретін елдегі тұңғыш зауыт салу; тас-көмір негізінде белсендірілген көмір өндіру; ТМД аумағында ілеспе кокс газынының бірінші электр станциясын салу және т. б. бар.
ҚарМТУ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша