
Қарағанды тұрғындары мен қонақтарын 10 ақпанда "Қазыналы өлке – Қарағанды" гала-концертіне шақырады.
Кеншілер мәдениет сарайында қала күніне арналған мерекелік концерттің қонақтары ретінде қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Шақырылғандар арасында Нұрлан Өнербаев, Ерлан Көкеев, Марат Бекішев, Мәди Сыздықов бар.
Басталуы 17:00
Кіру тегін.
Кеш соңында лазерлік шоу мен отшашу өтеді.
Биыл Қарағандыға 90 жыл толады. Концерт мерейтойды мерекелеуге бастама береді. Жыл бойы қала күніне орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарлануда.