
Қарағандылық спортшы үстел теннисінен спорт шебері Жанерке Көшкімбаева WTA Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды. Жарыс Дохада (Катар) өтті.
Жанерке Көшкімбаева 19 жасқа дейінгі жас санатында бірінші орынды иеленді. Қарағандылық теннисші Мәриям Аллали (Бахрейн), Фаузия Мелки (Катар), Мария Микалауските (Литва), Ур Фавад (Пәкістан), Амруту Фадке (Бахрейн) артта қалды.
Бұған дейін Қазақстан чемпионатында Көшкімбаева командалық есепте алтын медаль жеңіп алып, әйелдер арасындағы жұптық разрядты жеңіп алған болатын.
Спортшыны Татьяна Ким жаттықтырады.