
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары!
Қазгидромет мәліметі бойынша 26 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15–20 м/с күтіледі.

Осыған байланысты ТЖ департаменті облыстың барлық тұрғындарына жел күшейгенде, көктайғақ және тұман кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, қажет емес жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ескертеді. Ауа-райының өзгеруін, облыс жолдарындағы қозғалыстың шектелулерін ТЖД-нің ресми сайттарынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан қадағалаңыздар.
Қарағанды облысының ТЖД