
Қарағанды облысында шағын және орта бизнес субъектілері тегін бейіндік оқытудан өте алады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы өтінімдер қабылдауды және топтар жасақтап жатқанын жариялады.
Бейінді курстар "Кәсіпке бағыт" жобасы бойынша өткізіледі. Бұл кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобада көзделген бизнесті қолдау бағыттарының бірі.
Оқытуды сарапшы мамандар жүргізеді. Курстар аяқталғаннан кейін тыңдаушылар сертификаттар алады.
ӨКП кеңсесінде (Тәттімбет көшесі, 709) қатысу шарттары бойынша кеңес беріледі, өтінім формасын ұсынады.
Байланыс: 8-775-104-90-44 (Саят Мұхтаров), 8-771-271-33-66 (Жанар Киштаева).