Қарағанды облысының кәсіпкерлерін Германияға тағылымдамаға шақырады

Қарағанды облысының кәсіпкерлерін Германияға тағылымдамаға шақырады

Қарағанды облысының кәсіпкерлері Германияда тағылымдамадан өте алады. "Іскерлік байланыстар" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, биылғы жылы ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, жасыл технологиялар компанияларының басшылары үшін қабылдау жарияланды. Сондай-ақ, қатысуға экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер шақырылады. Құжаттар 23 қаңтардан 2 ақпанға дейін қабылданады.

Міндетті шарт: жылдық орташа табыс кемінде 10 мың АЕК (36,9 млн теңге).

Бағдарламаға қатысу туралы толық ақпаратты Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының кеңсесінен алуға болады (Тәттімбет көшесі, 709).

Байланыс: кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің сарапшысы Аянна Нуруллаева, тел.: (8-7212) 50-64-18.