
Қарағанды облысында бұқаралық іс-шараларға тыйым салуға байланысты уақытша жұмыссыз қалған мереке жүргізушілері, диджейлер, аниматорлар және басқа да мамандарды жұмысқа орналастыру ұсынылды.
Бұл туралы аймақтағы эпидемиологиялық жағдай және карантинді кезең-кезеңмен төмендету бойынша өткен Zoom-конференция барысында айтылды.
Бұқаралық шараларды өткізуге рұқсат беру әлі мүмкін емес, - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров.
- Коронавирустық пандемия адамдардың жеке өміріне ғана емес, сонымен бірге олардың кәсіби қызметіне де түзетулер енгізді. Бұл әсіресе қызмет көрсету саласына әсер етті. Біз бұрын сұранысқа ие болған көп нәрседен бас тартуға мәжбүрміз. Бұл Қарағанды облысының мәдениет саласына да қатысты, - дейді спикер.
Оның айтуынша, той саласының кейбір қызметкерлері карантин кезінде басқа іс тауып алған. Олар онлайн түрде музыкалық аспаптарда ойнауды үйретеді, дауыстық жаттығулар және басқа шеберлік сыныптарын өткізеді.
- Бірақ олардың арасында жұмысқа мұқтаж адамдарда бар. Біз бұқаралық және ойын-сауық шараларына қатысуды ұсына алмаймыз. Бірақ мемлекеттік қолдау бағдарламасы, бизнесті бастау үшін гранттар мен шағын несиелер бар, - деді Еркебұлан Жұмакенов.
Мысалы, сіз уақытша безендіруші болып жұмысқа тұра аласыз, немесе онлайн түрде дыбыс қоюды, музыкалық аспаптарда ойнауды үйрете аласыз.
- Біз өтініш бергендердің барлығымен жеке жұмыс жасаймыз. Сіздерге қажетті көмектің барлығын беруге бар күшімізді саламыз, - деп сендірді басқарма басшысы.
Сонымен қатар сіз «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік курстарынан өте аласыз. Оқу барысында студенттерге стипендия беріледі. Бизнес-жобаны қорғағаннан кейін бизнес ашу үшін грант немесе жеңілдетілген несие алуға болады. Барлық қалалар мен аудандарда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Консультанттар бизнес-идеяларды жасауға көмектеседі.
Қоғамдық жұмыстарға қатысты сұрақтар бойынша Мәдениет басқармасына мына телефондар арқылы хабарласуға болады: (8-7212) 41-14-68, 42-30-09, 42-51-12, 42-30-06.