
Қазақстандық оқушылар демалыс кезінде де, оқу жылы бойы да Алматы мұражайларының экспонаттарымен тегін таныса алады.
"Елімізде 3,9 млн оқушы бар. Біз барлық балалар мен жасөспірімдер өнер туындыларын, артефактілерді, түрлі экспонаттарды өз көздерімен көруі үшін қала мұражайларына бару мүмкіндігіне ие болғанын қалаймыз. Бұл оларға білімді кеңейтуге, мысалы, тарихи оқиғаларды талдауға көмектеседі. Енді оқушылар демалыс кезінде де, оқу жылы барысында да мұражайларға тегін бара алады", – деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Бұл қала әкімдігіне қарасты мұражайларға қатысты. Тегін баруға болатын мұражайлар тізімі:
1. Алматы тарихы мұражайы – Қабанбай батыр көшесі, 132.
2. Халық музыкалық аспаптар мұражайы. Ыхылас – Зенков көшесі, 24/а.
3. Д. А. Қонаев мұражайы – Төлебаев көшесі, 117.
4. Әдеби-мемориалдық мұражай кешені: С. Мұқановтың мұражай-үйі (Төлебаев көшесі, 125, 3-пәтер) және Ғ. Мүсіреповтің мұражай-үйі (Қарасай батыр көшесі, 49, 25-пәтер).
5. Н. Тілендиев мемориалдық мұражайы – Қонаев көшесі, 96.
6. А. Байтұрсынұлының мұражай-үйі – Байтұрсынұлы көшесі, 60.
7. Райымбек батыр мұражай кешені – Райымбек батыр даңғылы, 96а.
8. Дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығы – "Нұркент" шағынауданы, 5/11.