Қарағанды облысында COVID-19 тағы 33 жағдайы анықталды

Қарағанды облысында COVID-19 тағы 33 жағдайы анықталды

Қарағанды облысында соңғы тәулікте коронавирустық инфекцияның 33 жағдайы тіркелді.

33 науқаста ПТР талдауы COVID-19 растады. Инфекция жұқтырған адамдар бұрын жұқтырған адамдармен жақын байланыста болған адамдарды қарау және скрининг жасау кезінде анықталды.

Олардың арасында 27-сі - қарағандылықтар, біреуі - Теміртау қаласының тұрғыны, үшеуі - Жезқазған және бір адамнан Саран мен Бұқар жырау ауданының тұрғындары.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.

Инфекция ошақтарында зарарсыздандыру шаралары жүргізілді.

5 маусымдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында инфекцияның 1 105 жағдайы тіркелген, оның ішінде 5 адам қайтыс болып, 405 адам жазылды.