
Нұра ауданы Баршын ауылының мұқтаж отбасына үй беріліп, қыста көмір жинауға көмек көрсетілді.
Отбасына мұндай көмекті шаруа қожалығының басшысы Боранбай Муханалиев ұсынды. Бірнеше жылдан бері ол ауданның аз қамтылған және көп балалы отбасыларына көмектесіп келеді, тегін ет таратады, көмір сатып алады. Биылғы жылы фермер қамқорлық етіп жүрген отбасыларының біріне үй сыйлады.

– Менің үш балам бар, біз шамамен алты жыл бұрын Баршынға көшіп келдік. Осы жылдар аралығында Мұқаналиевтер отбасы бізге көмектесіп келеді. Жыл сайын соғым береді, қыста 6–7 тонна көмір сатып алады. Осыған дейін баспана жалдайтынбыз, биыл бізге үш бөлмелі үй сыйлады. Біз өте ризамыз. Үй жылы. Балалар бақытты, – деді Мейрамкүл Нұртаева.

Баршында тағы бір мұқтаж отбасына соғым түрінде көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, меценат ауданның әлеуметтік қорғау бөліміне 90 мұқтаж отбасына ет берді. Әлеуметтік қорғау қызметкерлері ет себеттерін таратуға кірісті.

Айта кету керек, Боранбай Муханалиев өткен жылдың жазында Баршында спорт кешеніне арналған бос ғимаратты жөндеп, жабдықтаған. Енді ауыл тұрғындарының тегін спортпен шұғылдануға мүмкіндігі бар. Спорт кешенінде спорт залы мен жекпе-жек, бокс, қазақша күрес залдары жұмыс істейді.