Қаздрамтеатр әлеуметтік драманың премьерасына шақырады

Қаздрамтеатр әлеуметтік драманың премьерасына шақырады

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында 25 қаңтар күні сағат 18:30-да "Ай қараңғысы" спектаклінің премьерасы өтеді.

Әлеуметтік драманың авторы – Әскерхан Ақтай. Режиссері – Айдын Салбанов.

"Ай қараңғысы" қойылымында адамгершілік, адалдық, ар-намыс, әділдікке деген сенім, адамның мансаптық өсуге кез келген тәсілмен ұмтылысы мәселелері көтеріледі. Қойылымның лейтмотиві – кез келген қылмыс жазаланады.

Анықтама телефоны: +7-701-911-76-76.